АҚШ Түркияға қарсы санкция енгізді

46

АҚШ ресейлік С-400 ЗРК зениттік-зымыран кешенін сатып алғаны үшін Түркияға қарсы санкция енгізді, – деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Анкараның ресейлік «Рособоронэкспортпен» «С-400 зениттік-зымыран кешенін сатып алу жөніндегі ынтымақтастығы үшін Түркияға қарсы санкция енгізіліп жатқанын айтты.

Түркия қорғаныс өнеркәсібі хатшылығының басшысы Исмаил Демир АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциясы елдің қорғаныс саласына зиянын тигізбейтінін атап өтті.

«Біз президент Тайып Ердоғанның басшылығымен қорғаныс өнеркәсібін тәуелсіз етуді мақсат тұтамыз. Шетелде қабылданған шешім маған және біздің ведомствоға қарсы менің ұстанымымды, командамыздың позициясын өзгертпейді және қорғаныс өнеркәсібіне ешқандай кедергі келтірмейді», – деп жазды Демир Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 2019 жылы шілденің ортасында Түркияға соңғы ресейлік С-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жеткізіле бастаған еді. Алайда бұл жағдай Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың күрделене түсуіне ықпал етті.

Вашингтон бұл келісімнен бас тартуды және оның орнына Patriot кешенін сатып алуды ұсынды. Сонымен қатар, АҚШ Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды кешіктіретінін және мүлдем сатпайтынын, әрі CAATSA-ға
(«санкциялар арқылы Американың қарсыластарына қарсы тұру туралы» заң) сәйкес санкция енгізілетінін ескерткен.

Анкара талапты орындаудан бас тартып, С-400 қосымша партиясы туралы келіссөздерді жалғастыра берген.