Флорида жағалауында ұшақ мұхитқа құлады

100

Жұма күні Флорида жағалауында Атлант мұхитына Cessna Citation V шағын ұшағы құлап, кем дегенде бір адам мерт болды. Сенбі күні АҚШ Федералдық авиация басқармасы  (ФАБ) Twitter-де жариялағандай, бизнесджеттің бортында тек ұшқыш болған.

Апат Форт-Лодердейл портынан 200 шақырым қашықтықта орын алды. Ұшақ Иллинойстан Флоридаға бара жатқан. ФАБ дерегі бойынша, диспетчерлер ұшақпен байланысты апат болардан бір сағат бұрын жоғалтқан.

inform.kz