Гонконгте «күдіктілерді Қытайға беру» заңына қарсы наразылық жалғасты

77

16 маусымда Гонконгте мыңдаған адам«қылмысқа күдіктілерді Қытайға беру туралы» заңнан толық бас тартуды талап етіп, наразылыққы шықты.

15 маусымда Гонконг қаласының басшысы КэрриЛам «Пекин қылмысқа күдікті деп тапқанадамдарды» Қытайға экстрадициялауғамүмкіндік беретін заң жобасын қарау процесінкейінге шегерген.

Ал 16 маусымда көшеге шыққан наразылар заңжобасын мүлде қабылдамауды талап етеді. Наразылар Кэрри Ламның да отставкаға кеткенінқалайды. Халықаралық агенттіктердіңхабарлауынша, мыңдаған адам қаладағы Жеңісалаңына жиналып, кейін қала көшелеріменшерулетіп жүре бастаған.

«Қандайда бір қылмысқа күдіктілерді Пекинсұраған жағдайда құрлықтық Қытайға берутуралы» заң жобасын Қытай билігі ұсынған. Заңжобасына сай, Гонконг аумағында жүргенадамды Пекин қандайда бір қылмысқа күдіктідеп тапса, Гонконг ол адамды Қытай, Макаонемесе Тайпейге экстрациялауы тиіс.

Наразылар «бұл заң қабылданса, Пекиндісынаушылар, Қытайдағы қысымнан қашып, Гонконгке келгендер, тіпті туристер зардапшегеді» деп санайды. Ал биліктіңпайымдауынша, бұл заң жобасы «Гонконгкеқашып, бас сауғалайтын қылмыскерлердің» санын азайтады.

Ұлыбритания Гонконгті 1997 жылы Қытайғақайтарып берген. Гонконг Қытайдың ерекшеәкімшілік аймағы болып саналады, бірақ «бір ел екі жүйе» принципімен жүреді.

Гонконгтің өз заңы бар, елдегі азаматтардыңқұқығы Қытаймен салыстырғанда жақсықорғалады. Гонконг «қылмыскерлерді, я күдіктілерді экстрадициялау туралы» 20 елменкелісім жасасқан. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания бар. Ал Қытай мен Гонконг бұлкелісімді 20 жылдан бері талқылап келеді.