Израильде зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны артты

94

Израиль мен Газа секторы арасындағы атысқұрбандарының саны өсіп барады. 5 мамырдаИзраиль полициясы атыс болып жатқан соңғыүш күн ішіндегі төртінші адамның қаза тапқанынхабарлады. Қаза тапқан азаматГаза секторынанАшдод қаласына атылған зымыран шабулыныңқұрбаны.

Израиль шабуылынан қаза тапқанпалестиналықтар саны, түрлі дерек бойынша, 16-дан 22-ге жетеді. Жүзден аса адам жараланған. Құрбандардың көбі қаруланған топтардыңмүшелері. Бірақ қаза тапқандар арасында бейбіттұрғындар бары туралы да дерек бар.

Соңғы үш күн ішінде ХАМАС радикал тобыныңбақылауындағы Газа секторы Израильді 600-ден аса зымыранмен атқылаған. Зымырандардың бір бөлігін зымыран тосуқұрылғысы ұстап қалғанымен, кейбірі тұрғынүйлерге тиген. Мыңдаған адам баспанасынтастап, қауіпсіз жерлерге көшуге мәжбүр болған.

Жауап ретінде Израиль Газаға да 300-ге тартазымыран атқылаған. Палестиналықтарзымырандар тұрғын үйлерге тиіп жатқанынайтқан. ХАМАС Израиль шабуылынан топтыңәскери құрылымдарының бірінің лидері ХамедАхмед әлХодаридің қаза тапқанын растады.

Еуроодақ атысты доғаруға шақырған. АҚШИзраиль жақтасатынын білдіріп, оның «қорғануғақұқылы» екенін айтты.