Мексикадағы ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

96

Мексиканың Коауила штатындағы таулы аймақта іскерлік авиация ұшағы Bombardier Challenger 601 апата ұшырады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бортта 13 адам болған. Bombardier Американың Лас-Вегас қаласынан Монтеррейге қарай ұшқан. Жолаушылар ол жаққа боксшылардың жекпе-жегін көруі үшін бара жатқан.

«Әуе кемесінің сынықтары әуе бақылауы көмегімен солтүстік муниципалитет Окамподағы алыс таулы зонадан анықталған», – деп мәлімдеді елдің үкіметі.

Коауила үкіметі экипаждың үш мүшесі мен 10 жолаушының тегін хабарлады, олардың бәрі испантілді болған.