Қырғыз депутаттары Алмазбек Атамбаевқа бірқатар айып тақты

161

Қырғызстанның Жогоргу Кенештің депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру бастамасын көтеріп жүрген Жогоргу Кенештің депутаттары қандай фактілер бойынша бұрынғы Қырғыз президенттеріне айып таққысы келетіндерін айтты. Осы мәселе қаралған депутаттық комиссиясындатиісті хатты депутат Талант Мамытов оқыды. Талант Мамытов өз сөзінде Атамбаев кезінде премьер-министр болған кезінде Ресейдің 123 азаматына қару бергенін, олазаматтардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болғанын айтады. Оның айтуынша, «ТНК Дастан» компаниясының жеке лауазымды тұлғаларыныңкөмегімен ол Қой Таш ауылындағы жер учаскесін заңсызиемденген. Сол жерде үй салған. Депутаттар соныменқатар қылмыс әлемінде абыройы бар Әзиз Батукаевтызаңсыз босатып алғаны үшін Алмазбек Атамбаевқа айыптаққалы отыр.   Сонымен қатар, Атамбаев премьер-министр кезінде үкіметтің қаулысымен Аламедин ауданыБәйтік ауылындағы 35,65 гектар жерді коттедж қалашығынсалу үшін ауыл шаруашылығы маңызындағы жердентұрғылықты елдімекен санатына ауыстырған. Атамбаевтың 2010-2018 жылғы Бірыңғай салықтықдекларациясын зерттеу кезінде анықталғанындай, 2017 жылы декларацияда жалпы аумағы 54 млн сомдықС.Пахатидің кірісі бары анықталған. Яғни, 2017 жылыПахати Атамбаевтан ОсОО НПФ «Форум»-ды алған. Депутаттардың болжауынша, аталған азамат ортақүлестегі адам болып отыр. Ыстықкөл аудандық әкімшілігімен Чон-Сарой ауыл окмутының заңға қарсы әрекетініңсалдарынан Чон-Сары ой ауылындағы жалпы аумағы 4,61 гектар жер аумағы мемлекет қажеттілігімен байланысыжоқ ОсОО «Фрунзе Резерт»-ке берілген. Кейін жеручаскесі екі бөлікке бөлініп, Алмазбек Атамбаевтыңиелігіне берілген. Сонымен қатар, Бас прокуратура БішкекЖЭО жаңғыртыу бойынша жобаның даярлығы мен оғанқол қою кезінде жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық ісқозғады. Депутаттардың айтуынша, Атамбаевтыңмәлімдемесі сол қылмысқа қатысы барын дәлелдейтүседі. Атап айтқанда, барлық саяси шешім, сондай-ақ, компанияны таңдау кезіндегі келісімнің бәрін Атамбаевтыңөзі қабылдаған. Депутаттар сол секілді бұрынғы Бас прокурор Аида Салянованың Алмазбек Атамбаев БішкекЖЭО-ға заңсыз көмір тасылуына қатысты қылмыстық ісқозғалғанын жария еткенін еске салды. Сондай-ақ, экс-президентке билікті озбырлықпен басып алды деген айыптағылуда. Депутаттардың пайымдауынша, ол ұйымдасқақылмыстық топ құрып, билік органдарының жұмысынаараласып отырған


inform.kz