Ресей Луганск және Донецк тұрғындарына төлқұжат бере бастады

33

Ресейдің ішкі істер министрлігі Украинаныңшығысында өзінөзі жариялаған «Донецк халықреспубликасы» (ДХР) және «Луганск халықреспубликасы» (ЛХР) тұрғындарына ресейліктөлқұжат бере бастады. Бұл ақпараттыресейлік РБК арнасы хабарлады.

Сайттың жазуынша, қазіргі кезде РесейУкраинашекарасындағы «екі уақытша өткізу пунктіндетөлқұжаттар беріп жатыр«. Әзірге нақты қайсыпунктерде екені айтылмайды. Ресей қолдайтынсепаратистер бақылауындағы аумақта 12 мыңадамның төлқұжат алуға өтініш бергеніайтылады.

ДХР көшіқон қызметінің жетекшісі ВладимирКраснощектің айтуынша, өзінөзі жариялағанреспублика басшылығы төлқұжат алғысы келгеназаматтарды «күн сайын» көлікпен қамтамасызетіп жатыр. Жұма, маусымның 14-і күні осындайқызметті 34 тұрғын пайдаланған. Краснощектіңайтуынша, сегіз мыңнан астам адам кезекте тұр.

Ресейдің күштік құрылымдарының бейресмиақпаратын жиі тарататынТегеграмдағы WarGonzo арнасы 14 маусымда«Новошахтинскіде – ЛХР тұрғындары, Покровкада ДХР тұрғындары алғашқы Ресейпаспортын алды. Енді олар дактилоскопияданөтіп, Ресей Федерациясына адал болатыныжайлы ант беруі тиіс» деп жазды.

24 сәуірде Ресей президенті Владимир ПутинДХР және ЛХР тұрғындарына жеңілдетілгенрежимде Ресей азаматтығын беру туралыжарлыққа қол қойды. Кремльдің түсіндіруінше, төлқұжаттар «гуманитарлық және адам құқығынқорғау мақсатында беріледі«.

Украина үкіметі ЛХР және ДХР тұрғындарынаберілетін ресейлік төлқұжаттарды заңсыз дептаныды. Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд ТускРесейдің шешімі Минск келісімшартына қайшыкеледі деп санайды.