Тереза Мэй отставкаға кететінін мәлімдеді

101

Ұлыбританияның премьерминистрі, консервативтік партия жетекшісі Тереза Мэйотставкаға кететінін мәлімдеді. Олконсервативтік партия жетекшілігінен 7 маусымда кететінін, бірақ партияның жаңажетекшісі сайланғанға дейін Ұлыбританияпремьерминистрі болып қала беретінін айтты.

24 мамырда үкімет резиденциясында сөйлегенМэй елді Еуроодақтан шығару тәртібінебайланысты қауымдар палатасымен келісе алмайқойғанын айтты.

2016 жылы ел премьер-министрі болған ТерезаМэй елді Еуроодақтан шығару бойыншакелісімге қатысты бұған дейін жиі сыналған. Келісімді сынаушылардың айтуынша, сауда, көшіқон, шекара мәселелері бойынша құжаттағышарттар Ұлыбританияның мүддесіне қайшыкеледі.

2019 жылы наурыз айында Ұлыбританияпарламенті елді одақтан шығару шарттарыжазылған Мэй келісімін үшінші рет мақұлдамайтастады.

«Халықтың тілегін орындау үшін бар күшімдісалдым. Өкінішке қарай мұны орындайалмадым» деді отставка жайлы мәлімдемежасаған Тереза Мэй.

Ол Брекзит бойынша келіссөздердің сәттіболмауына Ұлыбритания парламенттін кінәлап, оның Еуроодақпен ымыраға келуден бастартқанын айтты.

«Ымыраға келубұл соншалықты жаман сөземес. Адамдар өмірі соған тәуелді. Мен жуырдақызметімнен кетемін. Бірақ өзім жақсы көретінелдің соңғы әйел премьерминистрі емеспін» дедіМэй. Сөзінің соңында Мэйдің дауысы дірілдеп, эмоцияға берілгені байқалған.