Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский ант берді

95

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті.

Жергілікті уақыт бойынша 14:12-де Владимир Зеленский ресми түрде Украина президенті болды. Ол жоғарғы раданың таратылатыны туралы мәлімдеді. 13:50-де инагурация ақталды.

«Мен Украина Конституциясы мен Украина заңдарын ұстануға, өз міндеттерін отандастардың мүдделеріне сәйкес орындауға міндеттенемін», – деді Зеленский.

30 сәуірде Зеленский ресми түрде президент сайлауында жеңіске жетті. Екінші айналымда ол үшін дауыс берушілердің 73,22 пайызы қолдаған, ал Петр Порошенкоға – 24,45 пайыз. Зеленский бес жылға сайланды.

 

kaz.tengrinews.kz/