Вашингтон «Иран қатерінен соң» Ирактағы елшілігін эвакуациялады

98

АҚШ Бағдадтағы елшілігінде істейтінқызметкерлерінің басым бөлігін қауіпсіз жергекөшірді. АҚШ мемлекеттік департаментініңжазуынша, Иранның әрекеттерінен соңқауіпсіздік мақсатында Вашингтон осындайшешім қабылдаған. Бұл туралыReuters хабарлады.

Дипломатиялық миссия қызметкерлеріненбөлек, АҚШ Ирак солтүстігіндегі күрттердіңавтономиялық провинциясының орталығы Эрбиль қаласындағы консулдық қызметкерлерінде шақыртып алған. Қанша америкалықтың елгеқайтқаны туралы дерек жоқ.

Таяу Шығыстағы шиеленістенсоң Германия мен Нидерланд та әскерижаттығуды уақытша тоқтату туралы шешімқабылдаған.

Тегеран АҚШтың бұл шешімін «психологиялықсоғыс айласы» деп атап, «Иран тарапынан соғысқаупі төніп тұрған жоқ» деп мәлімдеді.

14 мамырда The New York Times газеті АҚШИранға қарсы 120 мың әскери жіберуі мүмкінекенін жазған. Бірақ АҚШ президенті ДональдТрамп бұл хабарыды жоққа шығарды. Трамп«мұндай әрекет жоспарда жоғын, әскер жіберуқажет болмас деп үмітенетінін» айтқан. «Бірақ[әскер жіберу] қажеттігі туса, газет мақаласындаайтылған 120 мың сарбаздан әлдеқайда көпәскери жібереміз» деген президент.

Биыл мамырдың басында Иран мен АҚШ арасышиеленісе түскен. 8 мамырда АҚШ Иранға жаңасанкциялар салған. Құжатта «Вашингтонныңкөздегені кірісін ядролық бағдарламасынқаржыландыруға жұмсауы ықтимал Тегерандытабысынан айыру» деп жазылған.

АҚШтың санкция салуына Иран билігініңядролық келісім міндеттемелерінің кейбірінорындаудан бас тартуы себеп болған. Тегеран«Еуропа одағы елдері 60 күннен соң Иранныңмұнай мен банк саласын [АҚШ санкцияларынан] қорғаудың амалын таппаса«, Иран ядролықкелісімдегі тағы біраз талапты орындаудан «бастартады» деп ескерткен.

Иран ядролық бағдарламасын жапса, оның өтеуіретінде Тегеранға қарсы халықаралықсанкциялар азаяды деген уәдемен тараптар 2015 жылы келісімге қол қойған. Бірақ 2018 жылыАҚШ Иранды » құжат талаптарын бұзды» депайыптап, келісімнен шығып кетті.