Зеленский алғашқы жұмыс сапарын Донбасстағы қақтығыс аймағынан бастады

117

Украина президенті Владимир Зеленский алғашқы жұмыс сапарын Луганск облысынан бастап, әскерилердің Луганск пен Счастьедегі позициясын көріп қайтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы сарбаздармен тұрмыс жағдайы, ассу сапасы, техникамен, баспана және әлеуметтік жәрдеммен қамту, бөлімшелерді жасақтау жайында әңгімелесті» деп жазылған хабарламада. 

Зеленский Станица Луганская кентінде алдыңғы шептердібақылаушылар посты мен блиндаждарды аралаған. «Қарсыластың таяудағы позициясы 400 метр жерде тұрды» деп жазады президенттің баспасөз қызметі.

Президент Біріккен күштер операциясының қолбасшысы генераллейтенант Александр Свирскийдің қақтығыс аймағындағы жағдай туралы баяндамасын тыңдаған. Кеңеске Бас штаб басшысы Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы генераллейтенант Руслан Хомчак қатысқан.