Жапония императоры Акихито өз еркімен тақтан кетті

179
  1. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады және халық өкілі ретінде алғыс білдірді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Өз кезегінде Акихито халқына соңғы сөзін айтты.

Салтанатты шара Токиодағы император сарайының «Сэйдэн Мацу-но-ма» залында өтіп жатыр. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасап жатыр.

Залда шамамен 300-ге жуық адам бар, оның ішінде – монарх жарымен бірге келген, оның мұрагері Нарухито жарымен, императорлық отбасының мүшелері, сондай-ақ биліктің үш тарауының өкілдері қатысып жатыр.

Акихито өз қызметінде 30 жылға жуық отырған.

kaz.tengrinews.kz