Жээнбеков экс-президенттерді жауапқа тартатын заңға қол қойды

94

16 мамырда Қырғызстан президенті СооронбайЖээнбеков «Қырғызстан президентініңқызметіне кепілдік беру туралы» заңға өзгерістеренгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралыҚырғызстан президентінің аппараты хабарлады.

Қырғызстан парламенті бұл заңды биыл 4 сәуірде қабылдаған.

Былтыр желтоқсанда құжат авторларыКурманкул Зулушев пен Исхак Масалиев«Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдікберу туралы» заңдағы экспрезиденттіңтиіспеушілік мәртебесі туралы жазылғаннорманы алып тастауды ұсынған.

Бірақ екінші оқылым кезінде парламент бұлнорманы алып тастамай, тек жауапқа тартумеханизмдерін жетілдіру туралы шешімқабылдаған. Президент заң жобасына қол қойса, жогорку кеңеш тағып, бас прокурор растаған асаауыр қылмыс жасады деген айыптан соң экспрезидент өз статуысынан айырылып, жауапқатартылуы мүмкін.

Сондай-ақ, заң жобасының 11-бабына сәйкес, экспрезидент мемлекеттік билік органдарындасаяси, арнаулы мемлекеттік лауазымдардыатқармауы тиіс, саяси партияларда басшылыққызметте істеп не оның қызметіне араласпауғаміндетті. Экспрезидент осы ережелерді бұзса, бас прокурордың ұсынуымен, президентактісімен оған берілген кепілдіктердің күшіжойылып, бұрынғы президентті республикалықбюджет қаражаты есебінен материалдық не басқада жағдайлармен қамтамасыз ету тоқтатылады.

Заңға өзгеріс енгізу туралы талқы АлмазбекАтамбаевтың Бішкек ТЭЦін модернизациялауғатікелей қатысы бары туралы мәлімдемеден кейінкүшейген. Қырғызстан құқық қорғау органдар«ТЭЦті модернизациялау кезінде сыбайласжемқорлық қылмысы болған» деп күдіктенеді. Атамбаев айыпты жоққа шығарады.

Қырғызстанда Роза Отунбаева және АлмазбекАтамбаевтың экспрезидент деген мәртебесі бар. Алғашқы екі президент Асқар Ақаев пенҚұрманбек Бакиев халық толқулары нәтижесіндебиліктен кетіп, экспрезидент мәртебесін алаалмаған.