Таудағы таушымылдық
Таушымылдық (Paeonіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Қылқан және аралас жапырақты ормандарда өсетін 2 түрі: кәдімгі Таушымылдық (Р. anomala) және дала Таушымылдығы (кейде оны жаушымылдық деп те атайды) (Р. hybrіda) бар. Бұлардың биіктігі 40 – 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5 – 6 кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі…