Ұлы гұн қолбасшысының қазынасы қайда?

Дүние  тарихында  һәм  Ұлы  дала  тарихында  жауға  шапқандағы  ерлігімен, сарабдал  қолбасылығымен,  ел  басқаруда  ақылдылығы  және сұңғылалығымен    аты  қалған  үш  -ақ  адам  бар. Олар – еуропа   жылнамаларында  аты-жөні,  шыққан тегі,  үтір  нүктесіне  дейін  қалдырылмай  жазылған Батыстың ірілі-уақты  қолбасшылары   емес,  тіпті қос  мүйізді Ескендір  Зұлқарнайын  да  (Александр  Македонский)  емес.  Олар –Ұлы  дала  тарихын  жасаған гұн Мөде, түрік …

Read More

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ: «Газеттің басында білікті журналист отырғанда ғана бағы жанады»

Журналистика-халыққа қызмет етудің құралы. Шынымен біздің қоғамда солай ма? «Негатив» тақырыптағы жаңалықтарға құштар журналистер неге көбейіп кетті? Өндірістің өрісін, экономиканың ахуалын, қаржы нарығындағы жағдайды жіліктеп шағатын сараптамалық мақалалар отандық БАҚ-та неге кемшін? Бұл жолғы әңгіме арқауы- қоғамның көзі мен құлағына телитін журналистердің деңгейі, қазақ баспасөзінің қазіргі қоғамдағы орны жайлы болмақ. Осы төңіректе ой қозғайтын спикеріміз-республикаға…

Read More

Теңге дизайны өзгерді: суреттер

Жаңа дизайнда айналымға шыққан теңгелер таныстырылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық банк мәліметінше, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелердің дизайны өзгерген. Жаңа банкнот сериясы өндірілген кезде айналымға түседі. Номиналы 5 000 теңге болатын жаңартылған дизайнның алғашқы банкноты осы жылдың соңына дейін қолжетімді болады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноттардың дизайны жалған ақша жасаудың алдын алу…

Read More

Жиделі тоғай сыбырлайды…

Кез келген адамның көңіл түкпірінде көмескі тартса да, кейде сағына еске алатын, аңсайтын кезеңдері болады. Ол менде де бар. Шулы қала, алдау мен арбаудан тұратын қым-қуыт тірліктен шаршаған шақта, бұйығы ауыл, бейқам балалық шақты сағынасың. Пендешіліктен ада, бейкүнә кездердің орны бөлек екенін бағамдайсың. Сондайдf есіме Жиделі тоғай жиі түседі. Ол жер алғашқы бала махаббатымның бесігі…

Read More

Өзенсіз өзегі талған ел

Өзен жағалағанның өзегі талмайды деп жатамыз. Рас,су тіршілік көзі. Алайда сол құрғыр Қазақстанда тапшы. Еліміз бастауын  өзге мемлекеттен алатын трансшекаралық  өзендерге тәуелді. Содан  болар саптыаяқ  басынан  қарауыл  қарап,  тірлік  кешіп  жатқан  жайымыз  бар. Өйткені  елдегі сурамалы  жердің  көлемі 1,4 млн. гектар екенін  еске  алсақ, бізге көп су керек. Тіпті 2027 жылға  қарай  сурамалы  жердің ауқымын 3,3…

Read More

Билігі НИЕТ- сіз, депутаты МІНЕЗ – сіз Қазақстан!

Қырғыздар қазақтан  тағы  озды. Жалпы  Орталық  Азиядағы «Демократия аралы»  атанып келген  қырғыз  жұрты қазақтарға  қарағанда  тәуелсіздік алғалы  бері  алты  президент ауыстырып  үлгерді.   Үш   президентті  төңкерім  тастады.  Біреуін  түрмеге  тықты.  Премьер министрлер  қол  жаулықша ауысып  жатыр.  Ал  біз бостан атанған  32  жылда екі президент  ауысқанына  шүкіршілік  етіп  жүрміз. Сол  айыр  қалпақтыларда  екі  жүзден  астам  партия  тіркелген….

Read More

Нұрдәулет Ақыш. Үркер ауып, түйелер маңып барады

Мектеп бітірген жылы оқуға түсе алмай қалдым да, көптеген абитуриенттердің дағдылы әрекетін қайталап, келесі жылы құжаттарымды тапсыру үшін Алматыға тағы келдім. «Соқыр тауық көргенінен жазбайды» дегендей, биыл да тұрақтаған жерім – Панфилов және Виноградов көшелерінің қиылысындағы «Есік» деген екі қабатты шағын қонақ үй. Жуынып-шайынып болғаннан кейін, жертөледегі үтік тұратын бөлмеге кіріп, шалбарымның қырыс-тырысын жазу тіршілігіне…

Read More

15 маусым – Алтын Орданың толық күйреген күні

  Алтын Орда мемлекеті  – XIII-XV ғасырларда Еуразия құрлығының шығыс бөлігінде, Ертіс өзені мен Дунай өзенінің аралығында  өмір сүріп, өзінен кейін осы аумақта құрылған бірнеше ұлттық сипаттағы мемлекеттердің, ондаған халықтар мен этностардың саяси, этникалық, мәдени тарихына ерекше ықпал жасаған империялық деңгейдегі алып мемлекет болды. Қазіргі таңда осы аумақта өмір сүріп, өзінің мемлекетін қалыптастырып отырған бірнеше…

Read More

«Аспаз» бүлігі асханадағы келісім бе?

Жалпы, Ресей тарихында Мәскеуге ат ойнатып кірген бірнеше қолбасшы бар. Олар Бату ханның қанды жорығы, Тоқтамыстың шаңды жорығы, Дәулет Керей ханның лаңды жорығы деп аталады. Енді оған Пригожиннің «әділет жорығын» қосуға болатын еді, бірақ «әділет жорығы» әділеттілікті баянды ете алмады. Мәскеуге жетпей, қанаты қырқылды. Әлем назарын өзіне аударған, Кремль қожайынын келісімге мәжбүрлеген әскери бүліктің астарында…

Read More

Өзбекстан қай жолды таңдады?

«Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, кеше ғана реферматор атанып жүрген өзбек президенті Шавкат Мирзиеев демократиялық емес, бұрнағы Орталық Азия президенттері жүрген ескі таптаурын жолды таңдады. Бұл – мемлекет тізгінін уыстан шығармау, лажы болса өле-өлгенше отыра беру жолы еді. Мирзиеев бұған қол жеткізу үшін елдің дүр заңына өзгерістер енгізді. 30 сәуірде өткен жалпыхалықтық референдумда қалың бұқара…

Read More