Болуы тиіс желтоқсан
Жастардың бір рет бас көтермеуі мүмкін емес еді. 1985 жылдың қаңтары. КазГу-дың №5 жатақханасында кешкілік күн сайын жасырын кездесу өткіземіз. Жиынның жетекшісі, ұйымдастырушысы – Алма Оразбаева. Өзі орыс бөлімінде оқиды. Бірақ «қазақ» десе жанын суырып беруге әзір. Әрбір сөзі оттай лаулап тұр. Былтыр күзде ауыл шаруашылық жұмыстарына барып қайтқан. Солтүстік облыстардағы орыстандыру саясатының сұмдығы жайлы…