Әнім сен едің…

Соңғы кезде көкейімде сартап болып жатқан осы бір жайды қағаз бетіне түсіруге мына жағдай себепші болды. Студенттік жылдардан бері жақсы араласып, жігі ажырамас дос болып кеткен біздер, яғни Нұртаза, Нұржан үшеуіміз бірде қайсы біріміздің үйімізде бас қосып, дастарханда отыра калдық. Ас үстінде коньяк пен арақтан біраз тартып алған соң, әңгіме қызып жүре берді. Әйелдердің өз…

Read More

Қойшының түсі (әңгіме) Темірғали КӨПБАЙ

«Қырық күн қой баққаннан ақыл сұрама» дегенді біздің қазақ не үшін айтты екен? Құлбай шалдың қой баққанына қырық күн емес, биыл міне, қырық тоғыз жыл болыпты. Дәл осындай «ақылды» қария ілуде біреу шығар. Қоймен бірге ой бағып өскен жан емес пе, бейне бір «даланың данышпаны» дерсің. Кеңестің заманында ес жиып, етек жапқандықтан ба, қандай кеңес…

Read More

Шайтан

Шығыс жақты торлаған қалың қысыр бұлт үріккен үйірлі жылқыдай жөңкіле жөнелді. Өлеусіреген күн көзі қалың бұлттың пұшпақ-пұшпағынан сығалап қалып тұрды да, бір-ақ сәтте жыртыс жыртқандай дар айырып, жарқ етті. Төңірек алтын шұғылаға малынып қалды. Дүние шіркін есіней балбырап, бусанып сала берді. Күн күркіреді, көк те дүркіреді. Жалаңдаған жігіт біткен тракторларын тырқылдатып, шалғыларын тіркеп, совхоз малының…

Read More

Саған деген сағынышымның жанарына қапты шық тұнып…

Балалық  шағым, ораламас   сағым, Алыстап  кеткен  қыр  асып. Алаңсыз  күнім, сағынтып  бүгін Көзіме    тұнды бұла шық.   Қызғалдақ  үзген, суында  жүзген, Ақ  бұлақ  жатыр  паң  күліп. Қызды  алғаш өпкен, сонау  бір  көктем Кетпейді естен  жаңғырып.   Келмейді  қайтып, әз  әнін  айтып, Ағылған  жыл  мен  ай  кейін. Әжімін   салып, сағынтып  алып Өтуде  уақыт  қайтейін.    …

Read More

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ Көктем де келер, Жыл құсы болып ән салып…

Айлы  түн  еді…   Айлы  түн  еді, Айлы  түн  еді,  бір ғажап, Есіңде  ме, қалқам,   кездесер  біздер  жылға  жақ. Жұлдызды санап  отырған  кездер  бүгінде, Түсіме  еніп,   көңілімді  жиі  жүр   қажап.   Айлы  түн  еді… Жұлдыздар  жауған  бір  керім, (Дариға  түндер  жадымнан  өшпей  жүр  менің). «Осынау  шақтың  ғұмыры  әттең  қысқа» – деп Есімде,  қалқа,  жылағаның  әрі…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия алыбы әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  «Алдымен, Азия қаламгерлері форумы шығармашылық қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде қуатты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіл әлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды….

Read More