Жиделі тоғай сыбырлайды…
Кез келген адамның көңіл түкпірінде көмескі тартса да, кейде сағына еске алатын, аңсайтын кезеңдері болады. Ол менде де бар. Шулы қала, алдау мен арбаудан тұратын қым-қуыт тірліктен шаршаған шақта, бұйығы ауыл, бейқам балалық шақты сағынасың. Пендешіліктен ада, бейкүнә кездердің орны бөлек екенін бағамдайсың. Сондайдf есіме Жиделі тоғай жиі түседі. Ол жер алғашқы бала махаббатымның бесігі…