Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?
Аралдан бақ тайғалы қашан. Ықылым заманда гректер «Сақ шығанағы» деп ат қойған, одан кейін Окс теңізі, Хорезм, Жент дегенде атқа ие болған, X ғасырда арабар ғалымдары Кердері көлі деп атап, картасында сызған Арал теңізі және оның маңайы бүгінде түбегейлі өзгерген. Баяғы «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған», мейманасы тасқан атақты теңіздің қазір жұрнағы ғана қалған…