Үндістан Айға аттанды

Үндістан Айға ғаламшараралық станция ұшырды. «Чандраян-2» миссиясы сәтті іске асса, ғарыш аппараты алғаш рет Айдың оңтүстік полюсіне қонады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жобаға 145 млн АҚШ доллары мөлшерінде қаражат жұмсалған. Ғарыш аппараты тиелген тасымалдаушы зымыран Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан кеше жергілікті уақыт бойынша 14:43-те ұшырылды. Ғаламшараралық станция қазір Жердің орбитасында. Ол 23 күн орбитада айналып жүріп, содан кейін Айдың орбитасына өтеді. Егер бәрі ойдағыдай іске асса, Үндістан КСРО, АҚШ және Қытайдан кейінгі Айға ғарыш аппаратын қондырған төртінші ірі мемлекет болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған