Солтүстік Қазақстандағы балықтардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

Орман шаруашылығы инспекциясы мамандары мен экологтар зертханалық сараптама тағайындап, арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Комиссияның қорытындысы бойынша су мен балықтан алынған сынамада пестицид пен тұздың мөлшері 3 есеге артық болып шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Салдарынан осындай келеңсіз жәйт тіркелді» дейді жауаптылар. Бүгінгі күні аталған іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Ал қоршаған ортаға келтірілген шығын 200 мың теңге шамасында.

Тамыз айының 20-сы күні өңірдегі Толыбай көлінде жалпы салмағы 185 келі мөңке балығының өлекселері табылып, ол арнайы орында өртелген болатын.

Елдар Кәкібаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Ветеринарлық зертханада жүргізілген сараптама мен экологтардың қорытындысы шықты. Тексеріс барысында пестицид пен тұздың құрамы үш есеге дейін артқандығы белгілі болды. Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Енді суға бұл зиянды заттардың қалай түскенідігін солар анықтайтын болады

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған