Қазақстан құрамасы Белгиядан 2:0 есебімен жеңілді

Кеше футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдады. Матч 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойынның 8-минутында Максим Федин есеп ашуға жақсы мүмкіндік алған. Алайда, әуелей асырылған пастан кейін оның баспен ұрған добы қапа маңдайшасынан сәл ғана биік кетті.

Матчтың 21-минутында Белгия шабуылшысы Миши Батшуайи есеп ашты. Ол командаласы Деннис Праттың айып алаңына асырған добын қақпаға дәл көздеді.

Кездесудің екінші таймында қонақтар шабуылын үдете түсті. Осылайша, 53-минутта Эден Азар айып алаңына тура пас асырып, белгиялық жартылай қорғаушы Тома Мёнье есепті еселеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған