Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспанаға құжат қабылдау уақыты бір күнге созылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ Instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
«Құрметті, Нұр–Сұлтан қаласының жастары! Бүгін, ағымдағы жылдың 10 қарашасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Smart Astana порталы жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды уақытша қабылдаған жоқ. Осыған байланысты, құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 11 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада
Kaz.tengrinews.kz