WBO (Дүниежүзіліп бокс ұйымы) нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Екінші орта салмақ санатында өнер көрсететін, WBO Global белдігінің иесі Айдос Ербосынұлы сегізінші орында тұр. Орта салмақ санатында WBO International чемпионы Қанат Ислам сегізінші сатыдан бесінші орынға көтерілді. Одан кейінгі позицияға WBO Global белдігі бар Жәнібек Алімханұлы орналасқан. Ол өткен айда 13-орында еді. Бірінші жартылай орта салмақ санатының өкілі WBO Inter-Continental чемпионы Жанқош Тұраров бұрынғыша тоғызыншы сатыда қалды.