Алматы қаласының мәслихаты Жароков – Шевченко – Гагарин – Жамбыл көшелерінің қисымындағы Махатма Ганди атындағы паркті бейбіт митинг өткізетін қосымша алаң ретінде қарастыруды көздейтін жобаны талқылауға ұсынды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында рұқсат етілген митинг өткізетін жалғыз орын «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы шағын алаң. Ганди атындағы парк оған қарағанда орталыққа біршама жақын, бірақ Республика алаңы мен Астана алаңынан бес км қашықта.
Қыркүйекте қала мәслихаты Жароков пен Қожанов көшелерінің қиылысындағы, орталықтан шалғай орынды митинг өткізетін алаң ретінде қарастыратын жобаны талқылауға шығарған еді.
Қазақстан конституциясы бейбіт жиын еркіндігіне кепілдік береді, бірақ бұл құқық «мемлекет қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп үшін» шектелуі мүмкін екенін ескертеді. Халықаралық құқық қорғау органдары сынға алып жүрген бейбіт жиындар туралы қолданыстағы заң митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алып, заңда көрсетілген жерде ғана өткізуді міндеттейді.
Батыс елдері мен құқық қорғаушы ұйымдар Нұр – Сұлтанды бейбіт жиын өткізу құқығын сақтауға және митинг туралы заңды қайта қарауға шақырып келеді. Қазақстан билігінің 7 қарашада Женева қаласына өткен «Кезеңдегі әмбебап шолу» кезінде жасаған баяндамасын тыңдағаннан кейін бірқатар елдің дипломаттары азамат еркіндігін шектейтін ережені алып тастауға шақырған.
2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев митингі туралы заңды қайта қарау қажеттігі жайлы бірнеше рет мәлімдеген, алайда қолданыстағы заңды жұмсартатын қандай да бір түзетулер парламентке түспеген.