Тарихта қалуға дәмең бар ма?

Ономастикаға қатысты бір ой бар: көшелерге тек осыдан кемі елу жыл бұрын дүниеден өткендердің есімін беру керек сияқты.
Тарихқа таласы барлар мықтап ұлт үшін еңбектенеді сонда. Баланы ғана емес, немерені, тіпті шөберені ойлай бастайды.
Тарихта қалу-қалмауды, кітап пен зираттағы жазбаны, олардың бағытын негізі балалар емес, немерелер ұрпағы анықтайды. Сондықтан көшелерді де солардың несібесі қылу керек.
Тарихта қалуға дәмең бар ма? Тыраштан, сенен кейін келер немере-шөбере ұрпақтардың тілін тап!
Бүгін күш салып, баланың пәрменімен, көңілімен алынған көшені ертеңгі ұрпақ жоқ қылып жатса не пайда, не қайыр, не атақ-абырой? Көшеге қойылған атау мәңгілік болатындай болмаса не керек ондай даңқ пен құрметтің?

 

(Айдос Сарымның  Фейсбуктағы  парақшасынан)

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған