АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің «Балад» базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, – деп хабарлайды REUTERS.

Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбіде базаға «Катюша» қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алған.  АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз. Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін «Әл-Кудс» арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған