Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ашық әрі мазмұды диалог орната білді. Бұл туралы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл толады. Ал біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды әрі тарихи оқиға», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті. «Біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз белсенді түрде нығайып келеді. Қос елдің кәсіпкерлері белсенді түрде серіктесе жұмыс атқаруда. Бүгінге дейін бірікке 350 кәсіпорын құрылған. Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан Әбу-Даби Плаза – осы сөзімнің жарқын мысалы бола алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді.