Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.
4 мамырда Сенат спикері сайланды.
Спикер болып Мәулен Әшімбаев сайланды.
Әшімбаев 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып келген.
2 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды. 4 мамырда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
– С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1993), экономист
– АҚШ-та тағылымдама, Джон Хопкинс университеті, Халықаралық зерттеулер мектебі (09.2003 – 01.2004)
– Тафтс университетіндегі Флетчер атындағы заң және дипломатия мектебі.
Еңбек жолы:
– ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі Баспасөз қорының Маркетинг бөлімінің жетекші маманы, бас маман, атқарушы директорының орынбасары (1993-1994);
– ҚР Жоғарғы Кеңесі депутаты Д.Нұрахметовтың көмекшісі (1994-1995);
– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кеңесшісі (1995);
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының аға сарапшысы, сектор меңгерушісі, бастығының бірінші орынбасары (1995 – 1999);
– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының бастығы (04.1999 – 02.2000);
– Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры (05.2000 – 05.2005);
– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (03.2004 – 05.2005);
– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (05.2005 – 04.2006);
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (13.04.2006 – 10.2011);
– Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (30.07.2019 – 18.12.2019);
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (2019 жылғы 18 желтоқсаннан бастап).