Елде төтенше жағдай режимі аяқталды

Бүгін ел аумағында төтенше жағдай режимі аяқталды. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында хабарлады.

Мәлімдемені Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жариялады.

Атап өтейік, төтенше жағдай режимі аяқталғанмен кейбір аймақта дерттің таралуы бәсеңдемей тұр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады деді . Президенттің сөйлеген сөзінің толық мәтіні akorda.kz сайтында жарияланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған