10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады, деп хабарлайды zakon.kzcentralasian.org-ке сілтеме жасап.
Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:
Азия даму банкі – 3,9 миллиард доллар;
Дүниежүзілік банк – 3 миллиард доллар;
Эксимбанк Кытай – 2 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі – 1,7 миллиард доллар;
Қытайдың мемлекеттік даму банкі – 1,3 миллиард доллар;
Халықаралық инвесторлар – 1 миллиард доллар;
Ислам баму банкі – 0,8 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік банкі – 0,4 миллиард доллар;
Басқа да қаржы институттары – 3,2 миллиард доллар.
Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл – республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.
Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.