Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою – тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.
«Осыған байланысты Президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты», – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Алаш Орда жетекшілеріне ескерткіш орнатылатыны хабарланған болатын.