«Нұр Отан» халықтың сенімін ақтамады!

Сонымен «Нұр  Отанның»   сьезі  өтті. Көпшілік  үлкен  бір  өзгерістер  бола  ма  деп күткен  еді. Алайда   «бара  жатқанның  балтасын,  келе  жатқанның  кетпенін»  жұлып алатындай   ірі  өзгеріс  бола  қойған  жоқ. Өкініштісі,  кім сөйлеседе   өз  ана  тілімізден  гөрі  Ресей  тіліне көбірек  күш  салды. Жә,  бұл  басқа  әңгіме.

Десекте,  партияның  басшылығы өзгерді,   саяси  бюросында да  өзгерістер  орын  алды. Жөн. Отыз  жыл  елді  басқарып, халыққа  емес,   тек  билікке  ғана  тиімді  жүйе құрғандар  орындарынан кетті.  Тоқаев  алдағы уақытта  партияның  құрамында  да,  бағыт-бағдарында  да  үлкен өзгерістер  болатынына   сендірді.   Бәлкім   парияның атауыда  өзгеріп  қалар. Әлбетте,  «Нұр  Отан»  халықтың  сенімін  ақтамаған  партия. Жемқорларда,  парақорларда, лауазымын пайдаланған  шенеуніктерде   осы  партиядан  шығып  отыр. Демек  қанша  өзгерістер  жасалғанымен  «Нұр  Отанға»  сенім артатындардың  саны   енді  өспейді.  Керісінше кеми  берері  анық. Тіпті  Семей қаласында   осы  партияға  мүше  150 адамның    одан  бас  тартуы  соның  бір көрінісі. Демек   саясат  сахнасына   жаңа  партиялар келуі  тиіс. Жаңа  партия,  жаңа тұлға.  Халықтың  күткеніде  осы. Жалпы  елімізде   партия құрсақ,  елдің  сөзін  сөйлесек,  халықпен  бірге  болсақ,  әділетті  қоғам  орнатсақ  деп  жүрген қоғам  белсенділері  жеткілікті.  Егерде Тоқаев «жаңа  Қазақстан  құрамын»  десе   соларға   жол  ашуы тиіс.  Солардың  бірі  біз «Байтақ» экоальянсы.   Жасылдар  партиясына айналғымыз келеді. Егер  Тоқаев  шынымен саяси  реформалар  жасағысы  келсе,   партияларды  тіркеу  заңына   тағы  бір   соғып,  өзгерістер  енгізгені  дұрыс. Елде   бәсекелес  партиялар  салтанат  құрған кезде  ғана,  әлділдік,  ашықтық  орнайды.  Біз  соған келуіміз керек!

Азаматхан  Әміртай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған