ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінеді?

Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды.

Жоспар бойынша құрылатын Абай облысы аумағы — 185,5 мың шаршы шақырым. Облыс халқының саны — 638 мың адам.

Абай өңіріне облыстық маңызы бар екі қала — Семей және Курчатов қалалары, сондай-ақ сегіз аудан: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті және Ақсуат аудандары кіреді.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы аумағы — 97,8 мың шаршы шақырым, ал халық саны — 717 мың адам.

Шығыс Қазақстан облысына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған