Халықтың сөзін сөйлейтін халықтық партия құрсақ деп жүргендердің бірі біз едік. Әділет министріне бір емес 10 рет құжат өткіздік. Үнемі түрлі сылтау айтып кері қайтарып келді. Алға қойған мақсатымыз елімізде экологиялық жасылдар партиясын құру болатын. Ал біздің қозғалыс яғни «Байтақ – Болашақ» 2016 жылы құрылған. Содан бері еліміздің экологиясын сауықтыруға жұмыс істеп келеді. Өкініштісі әлі күнге қанша тырыссақта заңды тіркелген партияға айнала алмай келеміз?
Бұл нені көрсетеді? Әлде елдегі саясат сахнасына жаңа партияның келуінен билік қорқа ма? Білмедік. Десек те, «Жаңа Қазақстан» құру үшін, жаңа партиялар, жаңа тұлғалар керек-ақ. Ескіә кадрлардан пайда шамалы. Бүгін Әділет министрі Қанат Мусин елімізде жаңадан 4 партия пайда болуы мүмкін дегенді айтыпты. Олар «Ел тірегі», «Халық дербестігі», «Намыс» және «Бәйтерек» деген деп аттарын атапты. Сонда біздің «Байтақ» қайда қалды? Неге ескерілмеген? «Байтақ» тоқалдан туған ба? Әлде бұлардың бәрі «Аманаттың» көлеңкесіне айналатын билікшіл партиялар ма? Түсініксіз? Әділет министрі міндетті түрде «Байтақтың» неге тіркелмей жатқаны туралы нақты жауап беруі тиіс!
Азаматхан Әміртай, #ЭкоПартияББ