Алматы облысының әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. ЖОО-нын экономика және қаржы, заң мамандығы бойынша тәмамдап, іскерлік әкімшелендіру бойынша магистр дәрежесін алды. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ мемлекеттік заң академиясында және Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде оқыды.