Жаңадан құрылған Жетісу облысына әкімі болып Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.
«Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын.», — делінген хабарламада.
Исабаев бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты болған.