ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын айту барысында Мемлекет басшысы қашан ант беретінін айтты.
Кандидаттар бойынша дауыстардың соңғы нәтижесі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайызбен сайлауда жеңіске жетті.
«ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент антты 26 қарашада береді», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
ОСК деректеріне сәйкес, президент сайлауына тізімге енгізілген 8 300 046 қазақстандық қатысты. Осылайша, келушілер саны 69,44% құрады.
Президент сайлауының түпкілікті нәтижесі:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
- Қарақат Әбден – 2,6%;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
- Жигули Дайрабаев – 3,42%;
- Мейрам Қажыкен – 2,53%;
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
- Бәріне қарсымын – 5,80%.