Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы мақұлдады.
Депутат Арман Қожахметов атағандай, аталған заң жобасы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.
«Атап айтқанда, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған орай, құқықтық негіздің жоқ екендігін ескере отырып, бұл заң жобасымен Конституциялық заңның күшін жою көзделеді. Сонымер қатар, ағымдағы жылғы 5 қаңтарда Парламент Мәжілісінің 34 депутаты – «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері өз құқығын жүзеге асырып, Конституциялық Сотқа өтініш жолдады. Өз өтінішінде Мәжіліс депутаттары Конституцияның 62-бабы 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұрады», — деді ол.
Осыған орай, депутаттардың өтінішіне Конституциялық Соттың үстіміздегі жылғы 10 қаңтардағы №2 нормативтік қаулысында берген ресми түсіндіруге сәйкес: «2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Конституциядан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Конституцияда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет. Осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады» делінген.
«Конституциялық заң жобасын қарастыру барысында депуттаттар тарапынан ұсыныстар келіп түскен жоқ. Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 32-6-тармағын басшылыққа ала отырып, конституциялық заң жобасын мақұлдауды ұсынамыз», — деді ол.
Парламент палаталарының депутаттары дауыс беру арқылы заң жобасы мақұлдады. Заң жобасын Сенаттың 43 депутаты қолдап дауыс берсе, бір депутат дауыс бермеді, 92 Мәжіліс депутаты қолдаса, біреуі дауыс бермеді.
Заң жобасы екінші оқылымда да қаралады