Қазақтың байлығы – қазаққа тиселі болуы тиіс!

Мен стратегиялық  маңызы  зор  пайдалы  қазаба кен орындарын  мемлекеттің қарауына  қайтару  жөнінде  талай айтқан  едім.  Қазір осы  мәселе  қаралып, алтын,  көмір,  темір,  мыс тб кері қайтарылмақ.

Дұрыс  қадам. Мұнымен  шектеліп  қалмау  керек. Енді шет елдік  алпауыттардың  қолына  өтіп кеткен  байлықтарымызды да кері  қайтаратын  кез  келді.  Мәселен, қазақтың болатымен  көмірін үнді  миллиардері Лакшми Миттал  иемденіп  алған. Шахталарда  жылына  қаншама  жұмысшы  қаза  табады. Бірақ Митталға  бәрі  бір. Бай  байлықты  сыпырып  алып,  сатып,  пайда  тапса  болды. Ал,  қазақтың түсті металдарына олигарх Александр Машкевич, Мұқадасқан Ибрагимова (марқұм олигарх Алиджан Ибрагимовтың жесірі),  және Патох Шодиев  иелік  етеді. Қысқасы  осы  Еуразиялық  үштіктің  қолында қазақтың  біраз  байлығы  топтасқан  деуге  болады.  Айтпақшы, қазақтың  мысы («Қазақмыс») кәріс Владимир Киммен Эдуард Огайдың (70 пайзы Ким, 30  пайызы Огай  иелік  етеді) қолында. Бұлар  еліміздегі мыс пен  мырышты ұстап  отыр. Ары  кетсе  мемлекетке  салық  төлейді. Болды. Басқа пайданы   екеу ара  бөліседі  деуге  болады.   Тізе  берсек  тәуелсіздік  алған жылдардың  ішінде  қазақтың  байлығы ұстағанның қолында,  тістегеннің аузында  кетті  деуге болады.  Олардан  елімізге,  қазаққа  түк  пайда  жоқ. Біз  шет елдік  олигархтардың майшелпегіне айналған елміз. Тіпті  кешегі  қаңтар  оқиғасы кезінде  Машкевич  бастаған  Еуразиялық  топ Еуропада  тіркелген  еншілес  компанияларына  қарыз  береміз  деген  желеумен  1,1 миллиард  долларды  шетке  шығарып  үлгерген  көрінеді. Мұндай  сорақы  әрекеттер  өте  көп. Демек осының  бәрін  ескеріп,  саралап,  безбендеп  отырып, біздің  билік   стратегиялық  маңызы  бар  кен  орындарын  мемлекетке  қайтарғаны  жөн. Байлық  өз  жерімізде  қалып, халықтың  әл-ауқатын  жақсартуға, еліміздің  дамуына серпін  бергені  жөн. Біз  парламентке  барып  жатсақ, негізі  осы  мәселемен  айналысамыз. Қазақтың  байлығы  -қазаққа  тиселі  болуы  тиіс! Жаңа  Қазақстан  осындай тірліктерімен  көрінгені  жөн.

Азаматхан  Әміртай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған