Ресей Путиннен қашан құтылады?

Кремльде таяу күндері төңкеріс болуы мүмкін

Иран Қырымды Ресейдің бөлігі деп мойындамайды. Мұны Тегерандағы аятоллалар режимі ресми мәлімдеді. Бұл – Путиннің бетіне тиген ауыр шапалақ. Міне, путиндік Ресейден ең басты геосаяси одақтасы да теріс айналды.

Иран Ресейге сатамын деп уәде берген баллистикалық зымырандарын бермей жатыр. Алдында біраз зымыран жібергенімен, оны ұшыратын қондырғыларды бермей, ол зымырандар енді Ресейдің қоймаларында түкке жарамсыз боп, босқа тұр. Путин жындана бастады.

Не мұнайын әлемдік нарыққа еркін сата алмай қалды. Иран «қару сатам» деп қатырып кетті. Ол аздай, Путиннің Еуропадағы соңғы одақтасы болған Сербияның басшысы Вучич: «Қырым деген Украина, Донбасс деген Украина жері» деп дүңк еткізді. «ЧВК Вагнер» қатарына сербиялықтардың қатысуына тыйым салды.

Путиннен Қытай да іргесін аулақ сала бастады. Қытайға Путиннің мына соғысы қызық емес. Қытайдың таяу арада Батыспен қақтығысқа түсетін жоспары жоқ. Есесіне, Қытай Ресейдің Благовещенск, Хабаровск, Приморье және Сахалин облыстарына көзін тігуде. Оның жанында Тайвань ойнамай қалады. Сахалинде аса сапалы мұнайдың кеніштері бар.

– Путиннен бәрі теріс айналып жатыр. Венгриядағы Орбан деген әпендеден басқасының бәрі. Меніңше, Кремльде аппараттық төңкеріс болатын түрі бар. Күні кеше чекистер әскерилермен бірігіп алды, ортақ жауымен алысу үшін. Бұлардың ортақ жауы – Пригожин сияқтылардың жекеменшік армиялары мен ұлы державаның түбіне жеткелі жүрген президент Путин. Ендеше, жақын арада Мәскеуден зор жаңалықтар жетіп қалуы мүмкін, — дейді тарихшы Дмитрий Чернышевский.

Айтпақшы, Путин өткен айда рождествоны шіркеуде жалғыз қарсы алды. Түнде емес, күндіз. Достарсыз, семьясыз, баласыз. Тіпті, күзетшілері де жоқ жанында. Ол – жалғыз қалды. Оның дәурені аяқталуға жақын. Путиннің параноясы күшейіп барады.

Өз күзетшілерінен өлердей қорқа бастады. Өйткені өзінің не бүлдіргенін біледі. Өзін элиталар қаншалықты жек көретінін түсінеді. Тіпті шіркеуде қызмет еткен дьяконға да сескене қарап, үркіп тұрды.

– Ортанқол шенеуніктердің өзі қайда барса да қасына бір топ нөкерін ертіп жүруші еді. Путиннің шіркеуде жалғыз тұрған видеосын саяси технологияның мамандары әдейі таратып жіберді. «Ол жалғыз. Ұрыңдар, атыңдар оны» деген белгі. Көз алдымызда сарай төңкерісі пісіп-жетіліп жатыр. Осы наурызда Ресейдің ішінде ұлы өзгеріс болғалы тұр. Путин бітті! Римнің ғана емес, орыстың тарихында да талай нәрсе наурыз айында болған. I Николай 1855 жылдың наурызында өлген, Қырым соғысында оңбай жеңіліп жатқан кезінде. I Павелді 11 наурызда өлтіріп кеткен. Сталин де наурызда өлген. Горбачев билікке наурызда келді. Ендеше, Ресейдегі үлкен өзгеріс осы наурызда болады деп, – қосады тарихшы.

Әділ АҚЫЛБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған