Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өседі

Жанар-жағармайдың ішкі нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Бұл туралы 3 сәуірде Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондықтан оның пікірінше, қиын, бірақ сонымен бірге қажетті қадам – шекті бөлшек бағаны көтеру керек, атап айтқанда:

  • АИ-92 және АИ-93 бензині үшін 182-187-ден (өңірге байланысты) литріне 205 теңгеге дейін (өсім 11%);
  • ал дизельдің бағасы литріне 295 теңге болады. Қазір аймаққа байланысты баға 230-260 теңге аралығында (орташа өсім 20%).

«Баға айырмашылығын қазір төмендетпесек, жақын арада жанармайдың жалпы тапшылығына тап боламыз. Оның үстіне бұл саланың одан әрі дамуына жолды жауып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді».Болат Ақшолақов

Сонымен қатар, министр Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдердің тізіміне енгізілгенін нақтылады.

Мысалы, Ресейде дизель отынының құны орташа есеппен литріне 345 теңгені құрайды, бұл 45 пайызға қымбат. Ал Қырғызстанда баға 64%-ға жоғары және 390 т/л құрайды, Өзбекстанда ол екі есе қымбат – 480 т/л (101%).

Бұл ретте Ақшолақов соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, дизельдік отын 30 пайызға өскенін айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған