Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Жас Алаш .

«Кінәлі деп танып және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья Кемеңгер Имашев.

Еске салайық, прокурор Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Жәбірленушілер сотта 12 миллиард теңгеге жуық ақшаны қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагузов пен Айгүл Мекешева да бар.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Былтыр 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы мәлімдеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған