Елімізде 19 миллионнан аса тұрғын болса, оның 9 миллион 647 мыңы – ер адам, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 14 жасқа дейінгі ұлдардың саны 3 миллион, ал 15 пен 62 жас аралығындағы ерлердің саны 6 миллионға жуықтайды. 63-тен асқан 767 мың қария бар.
Өңірлер бойынша алғанда, Түркістан облысында 1 миллионнан аса ер адам бар. Ер азаматтардың ең азы Ұлытау аймағында тіркелген. Онда 180 мың ер азамат тұрады.
Жас ерекшеліктері бойынша ерлердің саны:
0-ден 14 жасқа дейін – 3 миллион;
15-тен 62 жасқа дейін – 5 миллион 876 мың;
63 жастан асқандар – 767 мың.