Қылышдароғлы аруаққа, Ердоған Аллаға сыйынды

Түркияда  өткен  президент  сайлауын  әлем жіті  бақылағаны  белгілі. Мұның  бірнеше  себептері  бар. Өйткені экономикалық  қуаты жағынан  үлкен  жиырмалыққа кіретін һәм аймақтағы  мемлекеттер арасында бас «ойыншыға» айналған, амбициясы аса  зор Түркияның  геосаясатта өзіндік  орны  бар.  Түркиямен  АҚШ  та, Еуропада, Ресейде,  Қытайда, Иранда,  жалпы  Араб  әлеміде  санасады. Түркия  НАТО  мүшесі.  Онда да қатардағы  емес, әскерінің  қуатымен  саны  жағынан АҚШ-тан кейінгі орында. Билікке  Режеп Тайып  Ердоған  келгелі  Түркия  мейлінше  дамыды. Ішкі-сыртқы  саясатты нақтылады. Әскерилерді биліктен шеттетті. Айналасын  мысы  басатын,  харизмасы  мықты  Ердоған өзіне  бөгет  болатын  бәсекелестерін ысыра   отырып  премьерлікке  қол  жеткізген 2003 жылдан  бері тақтан түспеді. Елде  өткен  сайлаулардың  бәрінде  жеңіске  жетті.  2016 жылғы  мемлекет  төңкерісі кезенде  де  орнын  сақтап  қалды. Деседе,  арыны  қатты Ердоған  кешегі  өткен президент  сайлауында маңдайы  тасқа  тигендей  болды.  Не  бәрі 49,36 пайыз ғана  дауыс  жинады. Ал  басты қарсыласы  біріккен оппозиция атынан түскен Кемал Қылышдароғлы – 45%   ие. Ал  толыққанды  жеңу  үшін екі  жаққа  да 50  пайыздық  межеден  асуы керек  болатын. Алдағы  28  мамыр  күні  президентттік  сайлаудың  екінші  кезеңі   өтпек. 2028 жылға  дейін  Түркияны  басқаратын  тұлға,  сол   кезде  анықталмақ. Батыспен  жақсы  болып, Орталық  банкке ерік беріп һәм елді парламенттік  басқаруға  көшіруге  күш  салатын Қылышдароғлының асығы  алшысынан  түсе  ме,  әлде қазіргі  ұстанымын, саясатын  ары қарай  жүргізе  беретін Ердоғанның  айы оңынан  туа  ма? Уақыт  көрсете  жатар. Бізге  керегі  алдағы уақыта Түркияның  сыртқы  саясатында  өзгерістер  бола  ма,  президент  ауысып  жатса, оның  бауырлас түркі  жұртына  әсері  қандай  болмақ  деген сауал. Осының түйінін  іздеп көрдік. «Бұл  екеуінің қайсысы президент  болсада, Түркияның  түркі әлеміне қатысты сыртқы саясаты  өзгере  қоймайды. Оған  бірнеше  себеп  бар. Ең  бірінші,  жалпы  түркі әлеміндегі интеграциялық процестердің жаңа  деңгейге  көтерілгенін ескеру керек. Ердоғанның  кезінде келісілген, қол  қойылған құжаттар ары қарай  жалғасын табуы  тиіс. Яғни бұрын  Түрік  тілдес елдердің кеңесі  деп  жүрсек,  2021 жылдан бері  бұл  кеңес  Түркі  тілдес елдердің ұйымы  деген  атау алып, үлкен  құрылым  болды. Сондай-ақ  2040  жылға  дейін  бұл елдердің  арасында стратегиялық  мақсат  қойылды. Орта  Азия  Анкара  үшін тәуір  нарық.  Әсіресе Түркия  үшін  Ресейге  салынған санкцияны айналып өтіп,  тауар енгізуге  көпір  бола алатындай  нарық. Екінші,  Қытаймен байланыста транзиттік  рөл  атқаратын  дәліз. Үшіншіден  түп – тамыры  бір  бауырлас  елдер. Осындай  себептермен  Түркия  Орта  Азия  мемлекеттеріне  деген  саясатын  өзгертпейтіні  хақ. Айталық, қазір Қазақстанмен Түркия  арасындағы сауда айналымы 5 млрд.  долларға  жетті. Жаман көрсеткіш емес. Алдағы уақыттарда  бұл  көрсеткіш өсе  беруі тиіс.  Сол секілді бұрын  Ислам Каримовтың  кезінде Өзбекстанмен  салқын  қарым-қатынас  ұсаған Түркия  Мирзиеев келгелі қатынастың  жаңа  деңгейіне  шықты. Бейтарап мемлекет Түркіменстанменде  ынтымақтастықты күшейтті. Әсіресе  Әзірбайжанмен тым тығыз қатынаста. Қарабақ  соғысы  кезінде әскери техникалық  көмекте  берді. Нәтижесі  белгілі.

Сондықтан  билікке Ердоған емес, Қылышдароғлы келгенің  өзінде бұл  ұстанымдар  өзгере  қоймайды  деп  ойлаймын. Дегенмен Түркия жалпы сыртқы саясаттағы  Таяу  Шығысқа,  Ресейге қарасты көзқарасын  өзгертуі мүмкін. Онда  да Қылышдароғлы  билікке  келетін  болса. Қазір  Қазақстанға  түріктің  ірі  инвесторлары  ұмытылып  жатыр. Бұл жай сыртқа қаржы  салу  емес,  өзіне тиімді  нарықты,  өнімдерін  сататын алаң  табуды біліреді. Бұл екі  жаққа да  пайдалы. Қазір Түркия  тұтынатын мұнайдың  34  пайызы қазақтікі. Сондықтан қандай президент болсада  бұл  бағытты  ары  қарай  дамыта беретіні  белгілі. Бұлардың  бәрі екі жақты келісімдер емес, ұйымға  мүше елдердің  басшылары  қол қойған салмақты  құжаттар арқылы  жүзеге  асуда. Еске  ала  кетін  бір  жайт, бұған  дейін түркі  тілдес  мемлекеттер мұндай бағыт-бағдары, стратегиялық жобалары  бар ұйым  құрмаған. Енді  ғана соған  қол  жеткізіп  отыр. Демек, Түркия  басшылығына кім келседе  соны  жалғастыра  берері  хақ »  дейді  журналист-сарапшы Амангелді  Құрметұлы. Сарапшының  айтқанының  жаны  бар. Десек  те, президенттік  сайлаудың  екінші  туры  қалай  болмақ? Кімнің  бағы  жанып  тұр дегенге келсек,  «Ресейден  гөрі АҚШ һәм Еуроодақпен  жылы  қарым-қатынас  ұстаймын»  деген  Кемал Қылышдароғлының  мүмкіндігі  бар  секілді. Диктаторлық  жүйеден  гөрі,  еркін  өмірге,  демократиялық ашықтыққа  бейім қала  жұрты Қылышдароғлыны қолдары  хақ. Батыстыңда  іші соған жылитыны,  қолдайтыны белгілі  болып  қалды. Ал,  демократиядан  гөрі  исламдық  жолды көксейтіндер Ердоғанның  айналасына  топтасуда. Әрине, жиырма  жылдық  басқару  кезінде  Ердоғаның  Түркия  үшін  жасағаны  ұшан-теңіз.  Оны  ешкім жоққа   шығара алмайды. Түркия  кез-келген  әлемнің  алпауыт елдерімен иық  тіресіп сөйлесе алатын «мінезді»  мемлекетке  айналды. Айналасына  ықпалын күшейтті. Әскери әлеуеті еселенді. Мұның  бәрі Ердоғанның  тұсында  жасалды.  Алайда қаржылық тығырықтар  орын  алып, инфляция 85 пайызға  жетті. Ұлтық валюта құнсызданды. Халықтың  тұтыну  қабілеті кеміді.Мұның  бәрі Ердоған  отырған  тақтың теңселуіне   себепші. Айтпақшы,  сайлау алдында Кемал Қылышдароғлы Ататүріктің  басына барып, аруақтан көмек сұраса, Ердоған Аия Софияға  кіріп, алладан алақан  жайып көмек сұрапты-міс  деген әңгіме  бар. Дегенмен  алдағы сайлаудың  мәнісі аруақта да,  дінде де емес, мәселе халықтың қалауында  болып  тұр-ау. Бір айта  кететін жайт, Түркияда  президент  сайлауы  ғана емес,  онымен бірге парламент сайлауыда өтті. Бұл додада Ердоған  жетекшілік  ететін

 «Әділет және даму» партиясы көш бастады. Парламенттегі  600 орынның  322   ие  болса, Қылышдароғлының Халықтық  республикалық  партиясы  212  орынға  шүкіршілік  етті.

Сейсен Әмірбекұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған