Тоқаев Астанадағы форумда серіктестік үшін бірлік ауадай қажет екенін еске салды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет.

Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін», – деді Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысушыларға.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған