Зеле́нский кімге бөгет болуда?

«Киевті үш  күнде, тұтас  Украинаны  бір  аптада аламыз»  деп  ентіккен  ресми  Мәскеудің бүгінгі күні екпіні басылған. Соғыстың жүріп жатқанына   бір жарым  жылдан асып  бара  жатыр. Әзірге әскери  қимылдың  тоқтайтын  түрі  жоқ. Қазір  Ресей Украинаны  бағындырудың  қамын емес,  керісінше   басып алған  жерін  қалайда  ұстап  қалудың әрекетін  істеуде.

Батыстың заманауи  қаруымен жарақтанған украиндықтар  орыс әскерін  тықсыруда. Әрине украиндарға қарымта  шабуыл  керемет нәтиже  беріп жатыр  деу ерте. Басқыншы  Ресей  әскері  басып  алған аймаққа қорғаныс шептерін  құрып, қатты  қарсылық  көрсету  үстінде.  Украиндар ең  алдымен  жаудың  қолында  қалған Херсон, Запорожье және Харьков облыстарын  толықтай  аза  ете  отырып, Азов  теңізіне  шығуды басты  мақсат  етіп  отыр. Ондан кейін  барып, өзге аймақтардан  жауды  түре  қуып  шығуға бейіл. Қырымды  да  кері  қайтару  ойда  тұр. Бірақ  ресми  Киевтің  бұл  жоспары іске аса  ма, жоқ па белгісіз. Егерде Батыс елдерінің көмегі, әскері техникасы  болмағанда украиндардың халі  тым мүшкіл  болар  ма еді? Соғыс  басталғалы  бері  АҚШ  бастаған мемлекеттер Украинаға 60 миллиард  долларлық кредитпен  гранттар берген. Оқ-дәрімен, соғыс  құралдары  өз  алдына.  Немістің Leopard 2,  ағылшынның Че́лленджер 2 секілді әлемдегі ең  бір  мықты танктерімен АҚШ-тың  «Пэтриот» зениттік – зымырандық кешендері украин  жерін  қорғауда. Алдағы уақытта  АҚШ-тың F -16 ұшқыр  ұшақтарыда украин аспанында  ойқас салып, орыс әскеріне зәрін  төкпекші. Сондай-ақ  украиндар  ұшқышсыз басқарылатын дрондармен шекаралық аймақтардағы  Ресей  облыстарына,  тіпті  Мәскеудің  өзінеде  соққы  беруде. Әрине  ол  соққылар керемет нәтижелі  деуге келмес.  Дегенмен қарсыласын үнемі үрейде  ұстауға татырлық әрекет. Сонымен  қатар,  соғыс басталғалы  бері украина  Ресейдің  Қара  теңіз флотынада  үлкен залал келтіре алды. Ресейдің Қара  теңіз  флотындағы флагманы саналатын «Москва»  крейсері су  түбіне  кетті. Үлкен  десант кемесі «Саратов» кемесіде соның  кебін  құшты.  Тіпті  соңғы  күндері тағы  бір ресейдің  десант кемесі «Оленего́рский горня́к»  жартылай  қиратылды. Мұның  бәрі Ресейге  оңай  тиіп  жатпағаны  белгілі. Тіпті Киев Новоросси́йск қаласында  орналасқан Ресейдің  қара  теңіз  флотының базасына да теңіз  дрондарымен  соққы  беруді  үдетті. Әлбетте , украиндардың  өз  жерін  азат ету  соғысын  қолдағанмен қара теңіз жағалауында  орналасқан Новоросси́йск  қаласының  айналасын  соққыға алуы,  Қазақстан  үшін тиімсіз  жағы бар. Өйткені  Қазақстан  мұнайының  80  пайызы Каспий мұнай  құбыры арқылы  келіп,  осы Новоросси́йск қаласындағы  мұнай  терминалына  құйылып, танкерлер арқылы Еуропаға  жол  тартады. Егерде мұнай  терминалы қиратылатын  болса, Қазақстан экономикасы қатар  қирады деуге  болады.  Өйткені тек шикізатқа  соның  ішінде  мұнаймен  газға  ғана  арқа сүйеп,  мемлекеттің  қамбасын  қампитып  отырған ресми Астана жер сипап  қалары  хақ. Дегенмен  ұзаққа  созылған  соғыстан екі  жақта титықтағаны  рас. Соғыс тоқтаса  Украинаны қайтадан қалпына  келтіру  үшін кем дегенде 1  триллион  доллар  қажет екен. Ал, Ресейдің соғысқа бөліп жатқан  қаражаты  одан  кем болмаса керек-ті. Ресей  жағы  «келссөзге әзірміз»  деп  қанша  қайталасада,  украиндар «жерімізді  толықтай  азат  етпей,  келіссөз  жүргізбейміз»  деседі. Дегенмен соңғы  уақытта жаһанға елін, жерін  қорғаушы батыр  президент ретінде  танылған Влади́мир Зеле́нский жөнінде  оғаш  сыбыс  тарай  бастады. АҚШ  Барлау  орталығының экс-сарапшысы Ларри Джонсонның болжамына  қарасақ, қазір ұжымдық  Батыс Влади́мир Зеле́нскийден «шаршаған».  Өйткені  Ресеймен  келісімге келудің орнына соғыс көрігін  қыздырып,  тек ақша  мен  қару-жарақ сұраудан шаршамаған  украин  басшысынан  Батыс зәрезап  болған.  Ресейді ыдыратудың  қамымен  жүрген Батыстың  өзі бұл  соғыста украиндар  үлкен жеңіске  жетеді  деген  үміттен  күдер  үза  бастаған.  Сондықтан жалпы әлемді  қалжыратқан соғстың  тоқтауына  мүдделі. Ларри Джонсон АҚШ ретін  тауып Зеле́нскийдің  көзін  жойғысы  бар. Бірақ кінәні Ресейге арта  салмақ  дейді. Дәл  осындай  әңгімені украиндық депутат Николай Княжицкийде көтерген.  Ол «әгәрәки Зеле́нский өлтірілетін  болса, мемлекет  ұжымдық  басқарылымға  көшуі тиіс. Мәселен, биліктегі «үштаған» – президент апаратының басшысы Андрей Ермак, СІМ Дмитрий Кулеба және Қорғаныс министрі Алексей Резников Украинаны  уақытша басқаруы  тиіс екен. Осы  тақылтес  болжамдар  жетерлік. Осындай  сәуегейлердің  айтқанына  қарасақ Зеле́нскийдің  дәм-тұзы  бітуге  шақ  қалған  секілді. Бұл  қаншалықты  шындық?  Дегенмен жел соқпаса  шөп  басы  қимылдамайды  демекші, украина жұртына үшін үлкен бір қасіреттің тақап қалғаны анық. Өйткені Путин  әлемге басқыншы,  жексұрын атымен танылса, Зеле́нский әлемді рашизмнен  құтқарушы, Украинаны ресейлік басқыншылықтан  азат етуші ұлт  батыры ретінде таңылған  тұлға. Бірақ сондай  тұлғаның оқыс  жағдайда өмірден  өтіп кетуге  кімге  тиімді  болмақ? Дегенмен  мұның  бәрі  жүріп жатқан  соғыстың  өзіне тән  құйтырқысы  деп  қабылдаған  дұрыс сияқты. Өйткені  бұған  дейін украин  әскерінің бас қолбасшысы Валерий Залужнийді  және Бас барлау басқармасының  басшысы Кирил Будановта өлді деген  хабар  тараған.  Ақиқатында  ресейліктер  таратқан. Бірақ олар  тірі. Бұлда  сондай  бір қауесет болуы  мүмкін.

Сейсен  ӘМІРБЕКҰЛЫ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған