300 мыңдай киік күзде атылатын болды

Зульфия кетпей тұрып ақ ақбөкендердің санын реттеуге, атуға қаулы шығып қойған екен.

Етінен бұрын мүйізі мен терісі өте қымбат, бағалы. Жүздеген мың киіктің шикізатын қайда жібермек Үкімет?

Әлде инспекторлар мүйізі мен терісін тағыда жинаған қалпы өртеп, құдайдың берген байлығын рәсуа қылуын жалғастыра бере ме, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі.

Биылғы күз батыста өте «ыстық» болайын деп тұр. Шу, дау, талас-тартыс, қоғамдық ұйымдардың дүрлігуі алда.

Ет арзан емес, жылқының да, сиырдың да, қойдың да еті аспандап тұр. Қызыл етке жарымай жүрген қазаққа киіктің арзан еті сатыла ма?

Әлде тағыда қалталылар деликатес ретінде қағып кете ме?

Соңғы санақ бойынша еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетіп жығылған. Әсіресе батыс аймақтардағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алғаннан кейін Президент жауапты ведомстваға тиісті шешім шығаруды тапсырған-ды. Одан бері салаға жауапты министр екі рет ауысып үлгерді.

Экология министрлігі «шетелден ғалымдар алдырып, талқылаймыз» дегенше, биыл облыс шаруаларына киіктен келген залал 8 млн теңгеге жуықтаған. Ақбөкендер 1 млн 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті. Қазір тиісті есеп-қисап Үкіметке жіберілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған