Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс өршіген кезде құрбан болғандар саны екі мыңнан асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
Әскерилердің мәліметінше, палестиналық ХАМАС тобының Израильге жасаған шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны 1200 адамнан асқан, 3000-ға жуық адам жараланған, ұрланған және Газа секторына жеткізілген 150-ге жуық адамның тағдыры әлі белгісіз.
«Палестиналық ХАМАС лаңкестік тобының Израильге жасаған соққысынан қаза тапқандар саны артып келеді, сәрсенбіде таңертеңгі жағдай бойынша 1200-ден асты», – делінген хабарламада.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, бұған дейін шабуыл кезінде 2901 адамның жараланған, 500-ден астамы әлі де ауруханада жатыр, оның ішінде 26 адамның жағдайы ауыр және 340 адам – қиын жағдайда.
Еске сала кетейік, 7 қазанда таңертең Израиль жаппай зымыран шабуылына ұшырады. Елдің қорғаныс күштерінің мәліметінше, Израильге екі мыңнан аса зымыран атылған. Сонымен қатар, палестиналық ХАМАС қозғалысының ондаған жауынгері елдің шекаралас аймақтарына кірген.