Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды – Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев жасырынбақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді», – деді Шындалиев.

«Әуежайда ма?» деген журналистің сұрағына шенеунік «иә» деп жауап берген.

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған